Сотталушылардың кінәсі куәлардың жауабымен, айғақ заттармен, ЖТӘ-нің нәтижесімен және басқа дәлелдемелермен расталды
Қарағанды қаласының зообақтын жұмыскерлері екі арыстанның төлін ұрлау және заңсыз сатуға оқталу фактісі бойынша Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық сотымен қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Соттың анықтауы бойынша, 2023 жылы жазғы уақытта Б.А. және Р. Қарағанды қаласынынң зообақ жұмыскерлері бола тұра, адамдар тобымен өзінің қызмет бабын пайдалана отырып, екі арыстанның төлдерін жымқыруға және заңсыз сатуға оқталған. Арыстандарды сату барысында зообақтын жұмыскерлері полиция қызметкерлерімен ұсталған.
Сотталушылардың кінәсі куәлардың жауабымен, айғақ заттармен, ЖТӘ-нің нәтижесімен және басқа дәлелдемелермен расталды.
«Сот қылмыстық жауапкершілік пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде келтірген залалдың толығымен өтелгенін, А. және Р.-дің асырауында кәмелетке толмаған балаларының болуын, Б.-ның 2-ші топ мүгедекті болғандығын таныды. Қылмыстық жауапкершілік пен жазаны ауырлататын мән-жайлар анықталмады. Сотталушылардын қылмыстық іс-әрекеттері ҚК-нің 24-3- бабы – 188-бабы 2-бөлігі 1- тармағымен сараланған, себебі сот барысында өткізілген сот сараптама келтірген залал өзгеріп, ірі мөлшерге жатпайтындығы анықталған», - делінген Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық сотының баспасөз қызметінің хабарламасында.
ҚК–нің 24-бабының 3 бөлігі- 188 бабының 2-бөлігі 1-тармағы ауырлығы орташа қылмыстар санатына жатады, ал жәбірленуші тарап залалды толық көлемде өтеуге және татуласуға байланысты осы бап бойынша қылмыстық істі тоқтату туралы өтініш білдірді.
ҚК-нің 24-бабы 3-188-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы негізінде тараптардың татуласуы және келтірілген зиянның өтелуіне байланысты іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.
«Сот үкімімен Б.А. және Р. ҚК-нің 24 бабының 3- бөлігі – 339-бабының 2-бөлігінің 2),3),4)- тармақтарымен кінәлі деп танылып, оларға түпкілікті 3 жыл бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды. Сондай-ақ, Б.А.Р.-ге жабайы жануарлармен байланысты қызметпен айналысу құқығынан 2 (екі) жыл мерзімге айыру түріндегі қосымша жаза тағайындалды», - делінген хабарламада.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.