2021-2023 жылдар ішінде екі кассир 80 млн теңге жымқырған
Алматы облысының прокуратурасы Қазпошта» кассасынан 80 млн теңге жымқырған екі кассирді анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Анықталғандай, кассирлер түбіртектегі мәліметтерді бұрмалап жазып, мемлекеттік баж салығының бір бөлігін заңсыз иемденіп отырған. Осы схема арқылы олар 2021-2023 жылдар аралығында төлқұжат пен жеке куәлік аламын деген адамдардың салығынан ақша ұстап қалып, 80 млн теңге тапқан.
«Сот үкімімен 2 кассир аса ірі мөлшерде бас бостандықтарынан айырылды», - деп хабарлайды Алматы облысының прокуратурасы.
Дереккөз кассирлер неше жылға қамалғанын жазбаған.