Ақтауда құны 646 млн теңгеден асатын үш жер учаскесі мемлекетке қайтарылды

Автор: Аубакирова Нургуль

Жер телімдерін берген кезде Жер кодексінің талаптары сақталмаған

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев

Ақтау қаласында құны 646 миллион теңгеден асатын 36 гектарға жуық жер мәжбүрлі түрде мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Маңғыстау облысының Жер ресурстарын басқару департаменті профилактикалық бақылау барысында Ақтау қаласының әкімдігі кадастрлық құны 646,1 млн теңге болатын 3 жер учаскесін беру кезінде Жер кодексінің 48-бабының талаптарын сақтамағанын анықтады», - деп мәлімдеді Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Департамент сотқа жер учаскесін мемлекет меншігіне мәжбүрлі түрде қайтару туралы талап-арыз түсірген. Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты департаменттің талаптарын толық қанағаттандырды.

Сот шешімі заңды күшіне енді.