Астанада алғашқы нысандарға жылу беріле бастады

Автор: Azattyq Rýhy

Тұрғын үйлерге жылу қашан қосылатыны әзірге белгісіз

Фото: istockphoto.com

Астана қаласында 139 әлеуметтік нысанға жылу беріліп қойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. әкімдікке сілтеме жасай отырып.

Дереккөзге сүйенсек, қалаға қашан жылу берілетінін Астана мәслихаты тиісті ережемен бекіткен. Соған сай, бес күн бойы қаладағы ауа температурасы +10 °С және одан суық болса ғана үйлерге жылу тартылады.

«Алайда, әлеуметтік нысандар өтініш берсе, оларға жылу беріледі. Қазір 139 әлеуметтік нысанға жылу қосылды», - деп хабарлайды әкімдік.