23.09.2024, 11:42
Қоғам
Мейрамбек Бесбаев 47 жасында сәбилі болды
Әншінің досы қазақстандықтардан сүйінші сұрады
Фото: saken_maigaziyev инстаграм парақшасынан алынды
Танымал әнші Мейрамбек Бесбаевтың жары Мархабат Бесбаева үшінші сәбиін дүниеге әкелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Сүйінші жаңалық туралы желіде әнші Сәкен Майғазиев жазды.
«Алла ұлық! Жаратқан иемізге шексіз шүкірлер мен сансыз мақтаулар болсын! Мейрамбек пен Мархабат Әбіләшім әкеміз бен Жібек анамызға тағы бір немере сыйлады! Балапанымыздың бауы берік болсын! Саналы, иманды, білімді болып өссін», - дейді Майғазиев.
Айта кетері, жуырда Мархабат Бесбаева араға тоғыз жыл салып тағы да құрсақ көтергенін қуана хабарлаған болатын.
Ерлі-зайыптының бір қыз және бір ұлы бар.
Көп оқылған
19.10.2026, 09:24
Дильназ Ахмадиева мен «Азия» тобының ашық-шашық клипі үшін Алматыдағы колледж жазаланатын болды (ВИДЕО)
19.10.2026, 10:58
Мейрамбек Бесбаев 50-ге толды: туған жерінің қазіргі әкімі әншіге шапан жауып, бір құшақ гүл сыйлаған (ВИДЕО)
19.10.2026, 23:19
Қызының дүниеге келуін атап өткен: Абай облысының тұрғыны екінші рет сотталып кетті
20.10.2026, 12:48
Миына қан құйылған: Ким Чен Ынның өліміне қатысты сыбыс тарады
19.10.2026, 15:25
Қазақстандықтардың әл-ауқатын болжайтын калькулятор істен шықты
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды