Алматыда жеті бірдей автокөлік соқтығысқан: бір адам ауруханаға түсті

Автор: Нұргүл Абай

Жол апаты кеше кешке болған

Фото: видео скрин

Әлеуметтік желіде Алматы көшелерінің бірінде болған жаппай жол апатының видеосы тарады. Полицияның ақпаратынша, жеті автокөлік соқтығысқан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жол апаты 19 қыркүйек кешкі сағат 19:55-те Әуезов ауданындағы Саин көшесінде болған.

«Жеті автокөлік соқтығысты. Апат салдарынан бір адам – Toyota Camry жолаушысы зардап шекті. Ол қаладағы ауруханалардың біріне жатқызылды», - деді Алматы қаласы полиция департаменті.

Әуезов ауданының полиция басқармасы істі тергеуге кірісті.