$ 521.67  592.46  6.32
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
20.09.2024, 11:18
Қоғам

АЭС еліміздің даму стратегиясындағы маңызды элемент бола алады – депутат

Болат Керімбек Жетісу облысындағы  «Қызылжар» өндірістік кооперативі ұжымымен кездесті

АЭС еліміздің даму стратегиясындағы маңызды элемент бола алады – депутат
Фото: халықтық штаб

Жетісу облысына жұмыс сапарымен келген парламент мәжілісінің депутаты Болат  Керімбек Жетісу облысы, Кербұлақ ауданындағы «Қызылжар» өндірістік кооперативі ұжымымен кездесіп,  АЭС құрылысы еліміздің ұзақ мерзімді энергетикалық даму стратегиясындағы маңызды элемент бола алатындығын талқылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Соңғы кездері энергия тапшылығы туралы мәселе жиі қозғалып жүр. Жылдан-жылға халық санының көбеюі, жаңа кәсіпорындардың ашылуы, жалпы экономиканың өсуі электр энергиясының тұтыну көлемін айтарлықтай арттырды. Сондықтан ғaлымдap, сарапшылар мен мамандар елімізде атом электр стансасын сaлудың қaжеттігін aйтып oтыp. Атом электр станциясын салу зaмaнның тaлабы. Aлпaуыт eлдep энeргияны осы дүниеден aлып, қoлдaнып oтыр. Oл біздің eлгe дe кeрeк », - дeді мәжіліс депутаты.

Халықтық штабтың баспасөз қызметі хабарлағандай, АЭС-тің бой көтеруі нәтижесінде болашақта энергия көздерінен ешқандай кедергіге тап болмасымыз анық. Бұдан бөлек, жаңа жұмыс орындары құрылып, аймақтардың инфрақұрылымын дамытуға мүмкіндік аламыз дейді штабтың басқа да мүшелері.

Серіктес жаңалықтары