Биыл соңғы қоңырау мамырда емес, маусым айында өтеді

Автор: Azattyq Rýhy

Ұлттың біріңғай тестілеу жоспарға сәйкес, 20 маусымда басталады

Фото: massaget.kz

Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлім етті. Оның айтуынша, коронавирус пандемиясына байланысты елдегі 3 миллионнан астам оқушы мен 1 миллионнан астам студент оқу жылының соңына дейін қашықтан білім алады.

«Түлектерге аттестат табыстау мен соңғы қоңырау шарасы мектептерде, ашық аспан астында адамдар санын шектей отырып, 3-4 маусым күндері өтеді. Санитарлық талаптар қатаң сақталуы керек», - деді Ералы Тоғжанов брифингте.

Ал, Ұлттың біріңғай тестілеу жоспарға сәйкес, 20 маусымда басталады.

«Ұлттық бірыңғай тестілеу санитарлық шараларды сақтай отырып, штаттық режимде өтеді», - деді ол.

Еске сала кетейік, 17 сәуір күні өткен баспасөз мәжілісінде Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова биыл мектептердегі соңғы қоңырау рәсімі өтпейтінін хабарлаған еді.

Кенжекей Тоқтамұрат, Нұр-Сұлтан