$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
19.09.2024, 12:22
Қоғам

Тоқаев бәс тігіп, құмар ойнайтын әскерилерге қатысты маңызды шешім қабылдады

Президент Жарлыққа 16 қыркүйек күні қол қойды 

Тоқаев бәс тігіп, құмар ойнайтын әскерилерге қатысты маңызды шешім қабылдады
Фото: akordapress

2024 жылы 16 қыркүйекте президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған Жарлық бойынша ҚР Қарулы күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпы әскери жарғыларына өзгерістер енді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Осы өзгеріске сай, енді ақша немесе мүлкін құмар ойын кезінде бәске қоятын әскерилердің әрекеті елеулі тәртіптік қылыққа жатады. Осындай әрекеті азаматтардың көз алдында әскери қызметтің беделін түсіреді деп саналады.

Еске сала кетсек, 2024 жылы 9 қыркүйекте мемлекеттік қызметшілердің құмар ойындарына қатысуына тыйым салатын заң елімізде күшіне енген болатын.  Онда мемлекеттік қызметшілер, әскери қызметшілер, арнайы және құқық қорғау органдарының қызметкерлері, бюджеттік ұйымдардың басшылары құмар ойындарға/бәс тігуге қатыса алмайтыны көрсетілген. Бұл шектеуді сақтамағаны үшін олар жұмыстан шығарылады. 

Серіктес жаңалықтары