17-19 қыркүйек күндері шығыс пен солтүстіктің біраз бөлігінде күн суытады
17-19 қыркүйек аралығында Қазақстанның солтүстік, солтүстік-батыс және шығыстағы облыстарында күн суытып, үсік жүреді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
Жалпы, осы аралықта еліміздің басым бөлігінде күн ашық болады деген болжам бар. Оңтүстік өңірлерде ғана жаңбыр жауып, найзайғай ойнауы мүмкін.
«Солтүстік, солтүстік-батыс және шығыс өңірлерде таңертең күн 2-5 градус суытып, үсік жүреді, тұман түседі. Жалпы, күндіз Батыс Қазақстанда күн райы +20…+28 °С жылы, солтүстік-батыста +12…+23 °С, шығыста +5…+20 °С градус жылы болады», - деп хабарлады Қазгидромет.