«10 мың теңге беремін деп айыппұл арқалады»: Маңғыстауда сотталған азаматша инспекторға пара бермек болған

Azattyq Rýhy

Жиналған материалдар облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жіберілді

«10 мың теңге беремін деп айыппұл арқалады»: Маңғыстауда сотталған азаматша инспекторға пара бермек болған
Фото: istockphoto.com

Маңғыстау облысының қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің (ҚАЖД) пробация инспекторына пара бермек болған сотталған азаматшаға айыппұл салынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Lada.kz-ке сілтеме жасап.

ҚАЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 2024 жылдың 3 қыркүйегінде пробация қызметінің инспекторына тексеру барысында сотталған азаматша пара ұсынған. Ол өзіне қызметкерлердің қаталдық танытпауын қалаған.

Биылғы жылдың мамыр айынан бері пробация қызметінде есепте тұрған әйел міндетті тіркеуден жалтару үшін инспекторға банк қосымшасы арқылы 10 мың теңге аударған.

Инспектор мұндай әрекеттердің заңсыз екенін түсініп, бірден басшылықты пара беру әрекеті туралы хабардар еткен.

Жиналған материалдар облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жіберілді. Тексеру нәтижесінде сотталған азаматшаның әрекеті заңсыз деп танылды. Оған заңсыз материалдық сыйақы ұсынғаны үшін әкімшілік іс қозғалып, 738 400 теңге көлемінде айыппұл салынды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.