Мұратхан Тоқмәди мерзімінен бұрын бостандыққа шықпайтын болды

Автор: Azattyq Rýhy

Сот Тәтішевтердің арызын қанағаттандырды

Фото: Instagram/djamilyatokmadi

Бүгін Алматы облысы Қонаев қаласының соты банкир Ержан Тәтішевті өлтірген Мұратхан Тоқмәдиді мерзімінен бұрын бостандыққа шығару туралы қаулыны жоққа шығарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл туралы соттан тікелей эфир жүргізген Айтбек Амангелді хабарлады.

Айта кетейік, 2004 жылы 19 желтоқсанда адам қолынан қаза тапқан банкир Ержан Тәтішевтің отбасы оны өлтіргенін ашық мойындап, 10 жылдан астам уақытқа сотталған Мұратхан Тоқмәдидің мерзімінен бұрын бостайтынын естіп, наразылық танытқан.