$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
13.08.2024, 15:56
Оқиғалар

«Адам өмірінің құны 7 жыл болғаны ма?»: Тәтішевтер отбасы Тоқмәдидің мерзімінен бұрын босап шығуына наразы

Қонаев соты 10,5 жылға сотталған Мұратхан Тоқмәдидің түрмеден ерте шығу туралы өтінішін қанағаттандырған

«Адам өмірінің құны 7 жыл болғаны ма?»: Тәтішевтер отбасы Тоқмәдидің мерзімінен бұрын босап шығуына наразы
Фото: Instagram/djamilyatokmadi

2004 жылы 19 желтоқсанда адам қолынан қаза тапқан банкир Ержан Тәтішевтің отбасы оны өлтіргенін ашық мойындап, 10 жылдан астам уақытқа сотталған Мұратхан Тоқмәдидің мерзімінен бұрын босап шығуына қатысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Тәтішевтер отбасы онсыз да жеңіл жазамен құтылған Мұратхан Тоқмәдидің ерте босап шығуына жол беруге болмайды дейді. Әрі отбасы өкілдері атап өткендей, заңға сәйкес оларды Тоқмәдидің өтініші туралы ешкім хабардар етпеген.

«Біздің отбасымыз,  Қонаев қаласы сотының 2024 жылғы 26 шілдедегі қаулысы, яғни,  Ержан Тәтішевті өлтіргені үшін сотталған М.Тоқмәдидің шартты түрде мерзімінен бұрын босатылуына байланысты өтінішті қанағаттандырғанын БАҚ-тан оқып, таң қалдық. Біздің отбасымыз Ержанды өлтіргендердің бостандыққа шығуы мүмкін екенін білген жоқ. Біз бұл туралы БАҚ-тан оқып, көрдік. Дегенмен заңнамаға және қолданыстағы тәжірибеге сәйкес жәбірленуші тарап, яғни, бізге сотталушының өтініші қаралатыны туралы ескерту айтылып, бізді сотқа шақыруы керек еді», - деп жазылған Тәтішевтер отбасының мәлімдемесінде.

Бірақ, мәлімдемеде жазылғандай, сот бұлай істеген жоқ. Яғни, Қонаев соты зардап шеккен отбасына қылмыскердің мерзімінен бұрын шығу туралы өтініш бергенін хабарламаған. Тиісінше, Тәтішевтер отбасы сот отырысына шақырылмаған, сондықтан, сотталған адамды мерзімінен бұрын босатуға қатысты пікір айту мүмкіндігінен айырған.

«Жәбірленуші тараптың отбасы өкілдерін, сотталған адамның өтінішін қарауы туралы қандай себеппен сот хабардар етпегені бізге түсініксіз. Бұл шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы теріс пікірді болдырмау мақсатында әдейі жасалған деген ойымыз бар. Қазір отбасымыздың адвокаттары М.Тоқмәдиді шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы шешім шынымен қабылдан-қабылданбағанын, оның қандай негізде қабылданғанын және біздің отбасы өкілдеріне сот отырысы туралы неге тиісті түрде хабарланбағанын анықтап жатыр.   Біз сотталған М.Тоқмәдиді шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы сот қаулысымен мүлдем келіспейміз, сонымен қатар бірінші сатыдағы сот қаулысын заңсыз деп танып, ол қаулы  жойылуы тиіс деп санаймыз», - деп жазылған Тәтішевтердің мәлімдемесінде.

Отбасы өкілдерінің пайымынша, «заңсыз қару-жарақ сақтап, түрмеден қашуға тырысқан, ауыр қылмыс жасаған Тоқмәдидің үкімі онсыз да жеңіл болған».  Айта кетейік, сот ісінде прокурорлар бастапқыда 12 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған. Қолданыстағы үкімге сәйкес, Тоқмәди 2030 жылға дейін қамауда болуы керек еді.

«Біз колония әкімшілігіне, прокуратураға және сотқа Тоқмәди үшін мүмкін болатын  шартты түрде мерзімінен бұрын босап шығу мәселесін мұқият зерделеуге және ол жасаған қылмыстардың ауырлығы мен олардың салдарын ескере отырып, оны қанағаттандырудан бас тартуға шақырамыз.Біздің отбасымыз 14 жыл бойы тергеу жүргізіп, кісі өлтірген оған әділ жаза іздеді. Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Тоқмәди 10 тамызда бостандыққа шыққан болуы мүмкін. Жаза небәрі 7 жыл болды. Адам өмірінің бағасы 7 жыл болды ма? Біреудің қатыгез ниеті талантты кәсіпкердің, патриоттың, жетекші Банктің басшысының өмірін қиды. Балалар әкесіз қалды, анасы әлі күнге дейін ұлын жоқтайды», - деп жазылған мәлімдемеде.

Серіктес жаңалықтары