Алматы облысында 11 адам күйдіргі инфекциясын жұқтырды

Автор: Темірхан Айжан

Бүкіл науқас қажетті ем-домын алып жатыр

Фото: freepik.com

Қыркүйектің тоғызында 16 адам күйдіргі инфекциялық ауруына шалдыққан болуы мүмкін деген күдікпен ауруханаға түскен. Оның ішінде 11 адамның осы дертті жұқтырған болып шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қазіргі күні Үлкен Ақсу ауылы карантинге жабылды. Эпидемиологиялық ошақ оқшауланды. Инфекцияның таралуының алдын-алу шаралары қабылданды», - деп мәлімдеді Алматы облысының әкімдігінің баспасөз қызметі.