Жапаров қырғыз шенеуніктерінің жалақысын 2026 жылға дейін өсірмейтін болды

Автор: Темірхан Айжан

Билік осы әрекетімен бюджет шығыстарын оңтайландырмақ

Фото: Ақорда

Қырғызстан президенті мемлекеттік қызметшілердің жалақысын көтеруге мораторий жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 24.kg жергілікті басылымына сілтеме жасай отырып.

Мораторий 2026 жылға дейін созылады.

Құжатқа сай, мемлекеттік ведомстволар, комитеттер, Президенттің өңірлердегі уәкілетті өкілдіктері, сондай-ақ жергілікті әкімшілік органдарының қызметшілерінің жалақы мөлшерін арттыруға және мемлекеттік органдардың штатын кеңейтуге болмайды. Бірақ президенттің жеке шешімімен кейбір ерекше жағдайларда ереже өзгеруі мүмкін.