Қазақстан бойынша жазылғандар саны 1637-ге жетті
Қазақстанда тағы 6 науқас коронавирус инфекциясынан айығып, ауруханадан шықты. Павлодар облысында - 5 және Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам ауруынан жазылды, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
«Қазақстан бойынша жазылғандар саны - 1637. Нұр-Сұлтан қаласы – 361, Алматы қаласы – 362, Шымкент қаласы – 97, Ақмола облысы – 89, Ақтөбе облысы – 34, Алматы облысы – 48, Атырау облысы – 86, Шығыс Қазақстан облысы – 12, Жамбыл облысы – 73, Батыс Қазақстан облысы – 72, Қарағанды облысы – 91, Қостанай облысы – 23, Қызылорда облысы – 150, Маңғыстау облысы – 12, Павлодар облысы – 34, Солтүстік Қазақстан облысы – 29, Түркістан облысы – 64», - деп жазылған хабарламада.
Айта кету керек, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 4922 адамға жетті.