Елорда тұрғындары сайлау учаскесін қалай таба алады

Автор: Темірхан Айжан

Әкімдік бірнеше дереккөзді ұсынды 

Фото: Azattyq Rýhy

Елімізде 6 қазанда атом электр станциясын салу бойынша жалпы республикалық референдум өтеді. Астаналықтар сайлау учаскелерін білу үшін бірнеше дереккөзге жүгіне алады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Астана әкімдігі азаматтарға өз сайлау учаскесі туралы мәліметтерді нақты уақыт режимінде алуға мүмкіндік береді. Оны мына жолдармен жасауға болады:

- Ресми веб-қызметте: https://referendum.astana.kz/

- Telegram-да чат-бот арқылы: https://t.me/referendum_astana_bot

- IKomek бірыңғай байланыс орталығы арқылы, 109 телефоны бойынша.