Абай облысында 4 жасар баланы өлтіріп, денесін дәретханаға тастаған ер адам өзін ақтағысы келді

Автор: Azattyq Rýhy

Сот оның апелляциялық шағымын қараған жоқ

Фото: istockphoto.com

Абай облысының соты 38 жастағы ер адамның апелляциялық шағымын қабылдамай, оны өмір бойы бас бостандығынан айыру туралы үкімді өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Соттың ақпаратына сүйенсек, бұл ер адам ұсақ балалардың көзінше 9 жастағы қызға азғындық жасаған. Ал, 4 жасар баланың анасы жұмысқа кеткенде ол оның басын қабырғаға ұрып, жан тапсырғанша күтіп отырған. Артынша оның денесін үлкен сөмкеге салып алып, трассадағы дәретхананың шұңқырына тастап кеткен.

Сотқа арыз жазған ол мойнынан «баланы өлтірді, қыз балаға азғындық жасады» деген баптарды алып тастап, ақтауды сұраған.

«Апелляциялық сот алқасы апелляциялық шағымды қарап, оның бұл ауыр қылмысы толық дәлелденіп отырғандықтан, оның үкімін өзгеріссіз қалдырды», - деп хабарлайды Абай облысының соты.