$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
04.09.2024, 21:48
Қоғам

Көкшетаудағы азаматтық қорғау академиясының  курсанты кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікке ілінді

 Полиция қылмыстық іс қозғады

Көкшетаудағы азаматтық қорғау академиясының  курсанты кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікке ілінді
Фото: almaty.tv

Азаматтық қорғау академиясының курсанты кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікке ілінді. Желіде тараған ақпаратқа сенсек, оқиға Көкшетаудағы жалдамалы пәтерлердің бірінде болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Алматы арнасына сілтеме жасап.

 Болашақ құтқарушыларды дайындайтын академияның баспасөз қызметі бұл жағдайға тек ауызша түсініктеме берді. Олар 1 қыркүйекте курсанттың үстінен арыз полицияға түскенін хабарлады. Осы факті бойынша құзыретті органдармен қызметтік тексеру жүргізіледі.

Сонымен бірге полицияда қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауда.

«Кәмелетке толмағанды зорлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Тергеу жүргізілуде. ҚР ҚІЖК - нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпараттар жария етілмейді», - деп хабарлады Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары