Әскердегі даудың төбелеске айналмауына офицерлік құрам жауап беруі керек – депутат

Автор: Аягөз Құрмаш

Ол өз тәжірибесі жайлы айтты

Фотоколлаж: Azattyq Ruhy / Әбілқасым Есентаев

Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенова Мәжілістің жалпы отырысының кулуарында әскердегі әлімжеттікке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Мені оқып жүрген кезімде әскерге алып кетті. Мен бұл мәселеге теориялық тұрғыдан емес, тәжірибе арқылы жауап бере аламын. Әскердегі әлімжеттік мәселесін Қорғаныс министрлігі, командирлер мен құрылым жетекшілері шешуі керек. Ерлер ұжымында даулар кездеседі. Бірақ оны уақытылы әшкерелеп, тоқтатып, оның әрі қарай төбелеске айналмауына офицерлік құрам жауап береді. Әскерге жіберетіндерді де алдын ала дайындауымыз керек», - дейді ол.

Депутат атағандай, әскерге баратын жастар коммуникацияға іштей дайын болмайды.

«Мен көптеген елдің тәжірибесін зерттедім. Маңызды қызметті көп жағдайда келісімшартпен жасайтындар атқарады. Болашақта біздің әскер кәсіби болуы керек деп ойлаймын. Қазір әскер физикалық дайындықты қажет ететінін көріп отырмыз. Әскер бізге керек. Меніңше, кәсіби әскерге бағытталу керек», - дейді Әбенов.