«ҚазАвтоЖол» компаниясының экс-басқарма төрағасы ақша жымқырды: іс сотқа өтті

Автор: Молдатай Сымбат

Ол аса ірі көлемде ұрлық жасады деген күдікпен ұсталған

Фото: «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның бұрынғы төрағасы бюджет қаражатын ұрлағаны үшін сотқа берілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Есіл өзені арқылы көпір салумен «Жақсы-Есіл – Бузулук» автожолын күрделі жөндеуге бөлінген мемлекеттік қаражатты жымқырды деген күдікпен «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ бұрынғы төрағасы мен бас мердігерге қатысты тергеу аяқталды. Тергеу нұсқасы бойынша «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басшылығы мердігерге 200 млн теңге көлемінде аванс беріп, бір көзден алу тәсілімен заңсыз шарт жасасты», - деп хабарлады Бас көлік прокуратурасы.

Көлік прокуратурасы істі Астана қаласының сотына жолдады.

Еске салайық, «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ-ның экс-басқарма төрағасы Асқар Мұратұлы ақша жымқыру фактісі бойынша ұсталған. Асқар Мұратұлы 2021 жылдың сәуірінде Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығымен «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалған.