03.09.2024, 12:26
Қоғам
Орталық сайлау комиссиясы референдум өткізу үшін үкіметтен 15,5 млрд теңге сұрап отыр
Жалпыұлттық референдум 6 қазан күні өтеді
Фото: © istockphoto.com
Атом электр станциясын салу қажет пе, жоқ па деген мәселені дауысқа салатын жалпыұлттық референдумды өткізуге 15,5 миллиард теңге қажет. Бұл туралы бүгін журналистерге Орталық сайлау комиссиясының мүшелері айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Республикалық референдум туралы конституциялық заңға сәйкес, Орталық референдум комиссиясы шығындардың болжамды сметасын әзірлеп, үкіметтің қарауына ұсынады. Біз президенттің жарлығы жарияланғаннан кейін, есеп-қисап жүргіздік. Біздің болжамды сметаға сәйкес, шығындардың жалпы сомасы 15,5 млрд теңгені құрап отыр», деді ОСК мүшесі Сабила Мұстафина.
Айта кетері, жалпыұлттық референдум тура бір айдан кейін 6 қазан күні өтеді.
Көп оқылған
22.08.2026, 12:31
Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Павлодар әуежайының ұшу-қону жолағын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды
22.08.2026, 06:13
Алматы облысында мейрамхана ғимараты өртке оранды
22.08.2026, 14:03
Алдағы үш күнде мегаполистердегі ауа райы қандай болады
22.08.2026, 13:30
Астана – Арқалық: бүгін президенттің тапсырмасымен ішкі әуе рейстерінің жаңа бағыты іске қосылды
22.08.2026, 12:06
Қостанайда салық мекемесінің бұрынғы басшысы сотталды