$ 518.31  567.96  6.03
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Террористік әрекеті үшін деструктивті діни ағымның жақтаушылары ұсталды (ВИДЕО)

Олардың бірі – шетел азаматы

2024 жылы тамызда Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратураның үйлестіруімен және полицияның көмегімен Алматы қаласында, Қарағанды, Түркістан, Ұлытау облыстарында терроризмге қарсы іс-шаралар өткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Тексеру барысында деструктивті діни ағымның жақтаушылары ұсталды. Олар - Қазақстанның 5 азаматы мен 1 шетелдік.

«Олар өшпенділік пен зорлық-зомбылық идеологиясын әлеуметтік желілер және басқа да жолдармен таратты деп күдіктелуде. Заттай дәлелдемелер табылды және алынды, оның ішінде 3 ұрыс гранатасы бар. Күдіктілердің екеуі бұған дейін тонау және ұрлық үшін сотталған. Ұсталған адамдарға қатысты Қылмыстық кодекстің 256-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде», - деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары