Бала саудасы: Алматыда желі арқылы шақалақтарды сатқан әйел ұсталды (ВИДЕО)

Автор: Молдатай Сымбат

Олар заңсыз жұмысын әлеуметтік желіде ашық жариялап отырған 

Фото: видеодан скриншот

Алматы облысының полицейлері бала саудасымен айналысқан қылмыстық топ мүшелерін ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Алматы облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері мүшелері кәмелетке толмағандар саудасына күдікті қылмыстық топтың қызметін тоқтатты.

«25 тамызда әлеуметтік желідегі «surak.baribar» парақшасында кәмелетке толмағандар мен жаңа туған сәбилерді заңды түрде асырап алуға көмектесеміз деген қылмыстық топтың әрекеті туралы жедел ақпарат түсті. 28 тамызда жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Қызылорда облысының тумасы болып табылатын 38 жастағы күдікті анықталды. Күдікті қамауға алынды. Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу шаралары жүргізілуде», - деп хабарлады Алматы облысы полиция департаменті бастығы Бауыржан Әленов.

Кәмелетке толмағандарды сату дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.