«Науқас балалардың еміне қаржы жинаған»:  Ақтөбеде алаяқтық жасаған қор директорының ісі қаралып жатыр

Автор: Azattyq Rýhy

Жәбірленушілер шығынды өтеп беруді сұрап отыр

Фото: istockphoto.com

Ақтөбе қаласының № 2 соты «MoreLife» қоғамдық қорының директорының директоры Бибігүл Жулинаға қатысты істі қарап жатыр. Оған Қылмыстық кодекестің «Алаяқтық» бабы бойынша айып тағылған. Ол өзі құрған қор арқылы науқас балалардың еміне деп ақша жинап. Оны өз пайдасына жаратқан. Барлығы 7 жәбірленушінің шығыны 43 млн теңге деп есептелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy inform.kz-ке сілтеме жасап.

Іс материалына сүйенсек, Бибігүл Жулина «MoreLife» қоғамдық қорын құрады. Қор науқас балаладың еміне ақша жинаған. Кейін науқас балаларды анықтап, олардың ата-аналарымен келісімге келеді. Бұл істі 2022 жылы бастаған. 

«2023 жылы Жулина алаяқтық жасау оймен Миллерлер отбасымен танысады. 2021 жылы туған балада жүрек ауруы анықталған. Оған да Түркияда ем қабылдауға ақша жинауға келіседі. Бұл кезде де Жулина Миллерлер отбасының құқықтық сауатсыздығын пайдаланып, әлеуметтік желі арқылы ақша жинай бастайды. Адамдардың сеніміне кіру үшін И.Миллердің аты-жөні көрсетілген есепшотты көрсетеді. Олар өз кезегінде күн сайын ақшаны қорға аударуға уағдаласады. Жиналған қаржы — 3 253 208 тг. Ол ақша толық жин,,№алмаса да қоғамдық қор атынан Түркияға емге жіберуге келіскен. Миллерлерді сендіру үшін насқасты Астана қаласына жібереді. Онда жүрекке ота жасау үшін берілетін квотадан бас тарту өтінішін жазу керек деп сендірді. Айыпталушы Миллердің Түркияға бара алмайтынын, баланың жол көтермейтінін айтып, Түркия елінің дәрігерлері Ақтөбеге келіп, ота жасайды деп сендіреді. Ал жиналған қаржыны қажетіне жұмсады», - деді сотта мемлекеттік айыптаушы. 

Сотқа жәбірленушілер де қатысты. Олар шығынды өтеп беруді сұрап отыр. 

Айта кетейік, «MoreLife» қорының директоры биыл көктемде ұсталып, қамалды. Ол сотта үйқамаққа жіберуді сұрады.