Биыл жекеменшік мектептер бюджеттен 134 млрд теңге алған – Тоқаев

Azattyq Rýhy

Ата-аналар мемлекет жекеменшік мектептерге де ақша бөліп жатқанын білуі керек дейді президент

Биыл жекеменшік мектептер бюджеттен 134 млрд теңге алған – Тоқаев
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халық әлеуметтік бағдарламаларға бюджеттен бөлінетін қаражат туралы хабардар болуы керек екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оның айтуынша, мемлекет кепілді төлемдер үшін қыруар қаражат бөледі. Оның ішінде жекеменшік мектептерге берілетін қаржы да бар.

«Мысалы, 250 мыңнан астам бала оқитын жекеменшік мектептерге биылдың өзінде бюджеттен 134 миллиард теңге бөлінді. Ата-аналар мемлекеттің жеке меншік мектептерге нақты көмек беріп жатқанын білуге тиіс. Осыған орай әр балаға норматив бойынша бөлінген қаражат көрсетіліп тұруы қажет. Сонда азаматтарымыз әлеуметтік бағдарламаларға бөлініп жатқан қаржы туралы шынайы ақпараттан хабардар болады», дейді Тоқаев ел халқына арнаған жыл сайынғы Жолдауында.

Сондай-ақ президентке үкіметке жайлы мектептерді арнайы басқару жүйесін енгізуді тапсырды.

«Сонымен бірге, еліміздегі 1300 мектепке күрделі жөндеу жүргізу қажет. Үкімет әкімдермен бірге оны қаржыландыру көздерін анықтап, соның ішінде демеушілерден де қаражат тартып, 3 жыл ішінде бұл мектептерді толық жаңартуы керек», деді мемлекет басшысы.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.