Риддер 20 қыркүйекте жылу беру маусымына дайын отырады – облыс әкімі

Автор: Azattyq Rýhy

Бүгін Жолдауға келген облыс әкімі Ермек Көшербаев осылай мәлім етті

Фото: Azattyq Ruhy / Әсет Құндақбаев

Риддер қаласындағы жылу желілері 20 қыркүйекке дейін толық жөнделіп бітеді. Бұл туралы бүгін парламент палаталарының бірлескен отырысында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оның айтуынша, былтыр небары екі шақырым желісі жөнделген Риддер қаласы биыл республика бойынша рекорд орнатып, жылу желілерінің ең көбін жөндеген қала болып отыр.

«Риддердегі жылу желілері мен жылу электр орталығындағы жөндеу жұмыстары 20 қыркүйек күні аяқталады. Былтыр да, биыл да айттым, Риддер жылу беру маусымына дайын», - деді әкім журналистердің сұрағына жауап бере отырып.

Тегтер: