Мерекеге арналған шаралар 29 тамыздан бастап жоспарланған
Конституция күніне орай 30 тамызда Астанада 50-ден астам мәдени, спорттық және басқа да мерекелік іс-шаралар өтеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мерекелік іс-шаралар 29 тамызда басталады. Таңғы 10:00-де Ұлттық музейде салтанатты іс-шара өтеді. Қазақстан Конституциясының тарихына арналған бай мәдени бағдарлама және Ұлттық музей залдары бойынша экскурсия жоспарланған.
Байқоңыр ауданында Жазушылар аллеясында кітап көрмесі өтеді.
Сағат 17:00-де Жастар сарайында «Жасыл ел» жобасының жабылу салтанаты өтеді. Жиын барысында концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, үздік қатысушылар марапатталады.
Сағат 19:00-де Есіл жағасында «Жасай бер, қазақ елі» концерті өтеді.
30 тамызда елорда тұрғындары мен қонақтарын мерекелік бағдарлама күтіп тұр:
08:00 – ботаникалық саябақта жаппай жүгіру;
09: 00 – V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында асық атудан ашық қалалық кубок «Аспан» спорт кешенінде өтеді;
11:00-20:00 – «Жас Әлем» балалар фестивалі Ермеғали Рахмадиева атындағы мемлекеттік академиялық филармониясында өтеді;
Сол күні Нұра ауданының оқушылары үшін «Атамекен» этномемориалдық кешеніне экскурсия ұйымдастырылады.
31 тамызда сағат 19:00-де Ермеғали Рахмадиева атындағы мемлекеттік академиялық филармониясында «Alem» заманауи этно-шоу-балетінің «NOMAD' S FIRE» концерті өтеді.