Салмағы 1,5 тоннадан астам есірткі заты тәркіленді
2022 жылдан бері Қызылорда облысы аумағында есірткі заты марихуананың голландиялық түрін өсірумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қызылорда облысы прокуратурасы және Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлері 22 топ мүшесін ұстады.
«Тергеу барысында салмағы 1,5 тоннадан астам есірткі заты алынып, 3 есірткі алқабы жойылды. Сот санкциясымен қылмыстық топтың 22 белсенді мүшесі қамауда», - деп хабарлады прокуратура.
Тергеу аяқталды. Іс құжаттарымен танысу процесі жүргізілуде.