Ол аса ірі мөлшерде пара алған
Шымкент қалалық тұрғын үй басқармасы басшысының орынбасары және оның сыбайласы жемқорлық үшін сотталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Іс Шымкент қалалық қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында қаралды.
Тергеп-тексеру органымен қалалық тұрғын үй басқармасы басшының орынбасары М. аса ірі мөлшердегі бюджет қаражатын жымқырғаны және лауазымды адамның қылмыстық жолмен алынған ірі мөлшердегі ақшаны заңдастырғаны үшін айыпталған. Кәсіпкер О. - алдын ала сөз байласуы бойынша аса ірі мөлшердегі бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінген.
«М. Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасы басшының орынбасары бола тұра, 2023 жылы көпқабатты тұрғын үйлердің сейсмикалық тұрақтылығы бойынша техникалық зерттеу жүргізуге қатысты мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша орындалмаған жұмыстарды және көпқабатты тұрғын үйлердің жөндеу жұмыстарына қатысты орындалмаған жұмыстарды қабылдап, бюджеттің жалпы 367 млн. теңгеден астам ақшаны сотталушы – жеке кәсіпкер О.-ның көмегімен жымқырған. О. басқа тұлғалардың атына тіркелген және тендерлер бойынша женімпаз болған ЖШС-тер арқылы ақша қаражаттарын алған», - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.
М. өзінің ата-анасының атына тіркелген монша кешенін салуды ұйымдастырып, осы арқылы қылмыстық жолмен тапқан ақшаны заңдастырған.
Сотталушылардың кінәсі толық дәлелденді.
«Сот шешімімен М. ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігінің 2) тармағымен, 218-бабы 3-бөлігінің 1), 3) тармақтарымен кінәлі деп танылып, оған түпкілікті мүлкін тәркілеп, 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. О. ҚК-нің 28-бабы 5-бөлігінің, 189-бабы 4-бөлігінің 2) тармағымен кінәлі деп танылып, оған 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады», - делінген сот үкімінде.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.