$ 515.18  570.66  6.06
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
26.08.2024, 16:29
Қоғам

Жанқош Тұраров өзінің үстінен арыз жазған қызды есіріткіге тексертпек

Бұл туралы оның адвокаты Самат Мамутов айтты

Кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров Әнару Құрманәлінің психологиялық-наркологиялық денсаулығына сараптама жүргізу үшін арыз түсірді. Бұл туралы бүгін Алматыдағы баспасөз мәслихатында оның адвокаты Самат Мамутов мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Самат Мамутовтың айтуынша, ол әлеуметтік желіде Әнару Құрманәліге қатысты тарап жатқан видеоларды тексерсін деп полицияға өтініш білдірген. Және бұл тарап арызданушының басқа адамдардың үстінен осылай арыз түсіріп, олардан ақша алғаны туралы деректерді тексертіп жатыр екен.

«Егер осы ақпараттар ресми органдар арқылы расталса, сіздерге хабарлаймыз. Ал, бізге келіп түскен ақпарат бойынша және интернетте таралып жатқан бейнематериалдар бойынша, арызданушы Әнару Құрманәлі Жанқош Тұраровтың үстінен арыз жазған 19 тамыз күні Әуезов полиция басқармасына масаң күйде барған. Сол жерде басқа адамдармен жанжалдасып, төбелесіп, киімі жыртылып, жартылай жалаңаштанып, өзінің бейәдеп мінез-құлқын көрсеткен. Мен осыған байланысты сұрау салып, Әуезов полиция басқармасының ғимаратындағы бейнебақылау камераларының жазбасын сұратып, іске тіркеуге және тексеруге, оған құқықтық баға беріп, жаза қолдану туралы сотқа дейінгі тергеушіге өтініш білдірдім. Арызданушы Әнару Құрманәлидің өз әрекеттеріне жауап бермейтін теріс қылықтары интернетте тарап жүр. Егер ол рас болса, іс аясында арызданушыға сот-психиатриялық және наркологиялық сараптама жүргізуге өтініш білдіреміз. Өйткені, бізге ол психотроптық заттар қолданады деген ақпараттар түсіп жатыр», - дейді Мамутов.

Айта кетейік, Жанқош Тұраров бүгінгі баспасөз мәслихатына өзі қатысқан жоқ.

 

Естеріңізге салайық, танымал боксшы Жанқош Тұраров мені зорлады деп арыз жазған Әнару Құрманәлиева Azattyq Rýhy редакциясын сұхбатқа шақырып, боксшыны неше жылдан бері білетінін, онымен алғаш рет қалай танысқанын және Жанқош Тұраров 6 жылдан бері не деп алдап келе жатқанын айтып берген еді.

21 тамызда әлеуметтік желіде танымал боксшы Жанқош Тұраров Әнару Қалдыбекті зорлады деген ақпарат тарады. Алматы қаласының полициясы мұны растап, қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

Осыдан кейін Әнаруды бір ай бұрын белгісіз біреулер Қонаев қаласында зорлағаны туралы қауесет тарады. Оқиға төртінші шілде күні болған. Қыз полицияға өзі арызданған.

 

Серіктес жаңалықтары