26.08.2024, 16:06
Қоғам
SCAT ұшағына найзағай түскен: компания осы аптадағы рейстердің кестесін өзгертуге мәжбүр
Зақым келген ұшақ кестеден шығарылды
Фото: © istockphoto.com
SCAT әуе компаниясы ұшақтардың біріне жай түскендіктен, осы аптаға жоспарланған рейстердің кестесіне өзгеріс енгізілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға демалыс күндері болған. Әуе компаниясына тиесілі ұшаққа найзағай түсіп, оған зақым келген.
«Қазіргі таңда ұшақ кестеден шығарылды. Компанияның инженерлік қызметі қажетті инспекция және жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ол бірнеше күнге созылады. Осыған байланысты әуе компаниясы осы аптада 14 рейстің кестесіне өзгеріс енгізуге мәжбүр», - деді SCAT баспасөз қызметі.
Компания жолаушылардан sms-хабарламаларды, scat.kz сайтынан не қосымшадан рейстің статусын қарап отыруды сұрады.
Әуе компаниясы ұшаққа қай кезде жай түскенін нақтыламады.
Көп оқылған
30.10.2026, 12:15
Шымкентте полицей мен әйел 17 пәтердегі жезөкшеліктен күніне 2 млн теңге «табыс» тапқан: «бизнесті» 16 жастағы қыз тоқтатты
30.10.2026, 16:00
Тоқаевтың Жолдаудағы тапсырмасынан кейін жалақысы өсетін және өспейтін дәрігерлер кім: ДСМ өкілі жауап берді
30.10.2026, 20:28
Петропавлдың қақ ортасында колледж оқытушысы бойжеткеннің алдында жалаңаштанып, әдепсіз әрекет жасаған
30.10.2026, 09:50
Шымкентте Өзбекстан азаматтары жүздеген млн теңгенің алтынын Түркияға алып бара жатқан жерінен ұсталды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды