Қостанай облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 1 адам анықталды
Жақында Ресейде оқитын 17 студент, яғни қазақстандық азаматтар «Қайрақ» автоөткелі арқылы шекарадан өткен. Аталған азаматтардан коронавирус бар-жоғын анықтау бойынша анализ алғанға дейін Тобыл қаласындағы карантин стационарына жатқызылған. Кейіннен сол 17 студенттің бірі КВИ жұқтырғаны анықталды.
«Ресей Федерациясынан келген 2001 жылғы студент қыздың коронавирус жұқтырғаны анықталды. Науқас Қостанай облыстық ауруханасының жұқпалы аурулар бөліміне ауыстырылды. Автобуста бірге келген адамдар медициналық бақылауға алынды. Ресейден келген студент туысымен, жақындарымен тікелей байланыста болмаған. Қазір науқас хаттамамен бекітілген тиісті ем қабылдап жатыр. Эпидемияға қарсы іс-шаралар қолға алынған», - делінген ақпаратта.
Бүгінде Қостанай облысында COVID-19 инфекциясын жұқтырған 54 науқас тіркелген, оның ішінде 15 адам жазылып шыққан.