Оған 129 220 теңге айыппұл түрінде жаза тағайындалды
Көкшетауда полиция қызметкерлері жергілікті тұрғынның діни сипаттағы материалдарды тарату фактісін анықтады. Ер адам «Telegram» мессенджерінде статус ретінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес белгілі бір жерлерде ғана таратылуы мүмкін діни мазмұндағы ақпаратты жариялағаны белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақмола облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Қала тұрғынының айтуынша, ол үгіт-насихатқа бағытталған ниеті болмады, ал материалдарды өзі үшін еске салу ретінде салған. Бұзушылық фактісін жүргізілген дінтану сараптамасы растады.
«Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК 490-бабы бойынша материал жиналып, сотқа жолданды. Сот шешімімен 36 жастағы ер адам әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 129 220 теңге айыппұл түрінде жаза тағайындалды», - делінген хабарламада.