Дегенмен, Мақтаарал ауданындағы 8 ауыл әлі су астында
Түркістан облысында ауылдарды басып қалған су деңгейі төмедей бастаған. Өткен екі күнмен салыстырғанда кей ауылдарда су 17 см дейін азайды, деп хабарлады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Дегенмен, Мақтаарал ауданындағы 8 ауыл әлі су астында.
«Жеңіс және Жантақсай ауылдарында су 14 см-ге, Жаңатұрмыс елдімекенінде 17 см-ге төмендеген. Сондай-ақ, Өргебас ауылының кіре берісінде 11 см, К-15-9 А каналының маңында – 13 см. Арай елдімекенінің көпірі алдындағы су деңгейі 6 см-ге азайды», - делінген хабарламада.
Қызыл су көлемі Шұғыла ауылындағы ВС-12 коллекторының бас жағында 0,05 см-ге, Нұрлы жол ауылының М-39 автомобиль жолы жанындағы К-15-М-А каналында 8 см-ге, осы ауылдың маңында орналасқан ЦГК арнасында 5 см-ге төмендеді.
Бұдан бөлек, Қоғалы ауылында су 9 сағат ішінде 3 см-ге, коллектор орналасқан аймақта 2 см-ге азайған.