Олар жалпы сомасы 2,3 млн тг айыппұл төледі
Солтүстік Қазақстан облысында Экологиялық кодекс пен «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» заң талаптарын бұзған 9 кәсіпкерлік субъектісі және 10 шаруашылық субъектісі анықталды. Кінәлі тұлғалар 2 327 806 теңге айыппұл төледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
СҚО прокуратурасының хабарлауынша, прокурорлық қадағалау актілері бойынша 75 кінәлі тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Сондай-ақ, қауіпті қалдықтарды кәдеге жарату бойынша қызметтер көрсету туралы 4 мемлекеттік сатып алу шарттарды жасасу сатысында тоқтатылды.