Министр гүл беру міндет емес дейді
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Тамыз конференциясының кулуарында «1 қыркүйекте мұғалімдерге гүл мен конфет беруге бола ма?» деген сұрақ жауап берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Тәтті-тәпсекке қатысты ойлану керек. Әркімнің қалауы әртүрлі болады. Бірақ оқушылардан мұғалімнің гүл алуы көңіл - күйді көтеретін үрдіс. Оқушылардың мұғалімдерге құрмет ретінде гүл сыйлауы дәстүрге айналған. Сондықтан, оны дұрыс деп есептеймін. Гүл сыйлау - әркімнің өзінің көңілі мен ниетіне байланысты. Бірақ гүл беруді міндеттемеу керек»,- дейді ол.
Осыған дейін мұғалімдердің оқушылардан сыйлық алуына тыйым қойылған еді.