Қаржы мониторингі агенттігінің 2 лауазымды тұлғасы ұсталды (ВИДЕО)

Автор: Молдатай Сымбат

Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері алаяқтыққа оқталған

Фото: Антикор

Алматы қалалық сотының үкімімен Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті басшысының бұрынғы орынбасары А. Қасымбаев пен кәсіпкер Ж. Сәкенов сотталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Олар алаяқтыққа оқталғаны және Алматы қаласы кәсіпорындарының бірі директорының қылмыстық ісін тоқтату үшін құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне 10 млн теңге сомасында пара беруге итермелегені үшін кінәлі деп танылды», - делінген сот үкімінде.

Антикордың хабарлауынша, сот үкімімен Қасымбаев пен Сәкенов әрқайсысы мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды.