ЖШС әлеуметтік аударымды, салықты төлемеген
Абай облысында прокурорлар 200-ден астам жұмысшының құқығын қорғап, мемлекет бюджетіне 300 млн теңге өндірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Зеленстрой Семей» ЖШС еңбек ұжымына 2 жыл бойы 69 млн теңге зейнетақы мен әлеуметтік аударымдарды төлемеген. Кәсіпорын қаржылық жағынан тұрақты болғанына қарамастан, жұмыс беруші өз еркімен берешекті өтеу бойынша шаралар қабылдамаған», - делінген прокуратура хабарламасында.
2022 жылдан бастап осы кәсіпорында 319 млн теңгеге салық берешегі болғаны анықталды.
Прокурорлық қадағалау актісі бойынша 200-ден астам жұмысшының құқықтары қорғалып, бюджетке 300 млн теңге салық берешегі өндірілді.