Қызылордалық екі жігіт 1 237 түп есірткі сорасын өсірген (ВИДЕО)

Автор: Молдатай Сымбат

Олар сотталды 

Фото: видеодан скриншот

Қызылорда облысы Сырдария ауданында 22 жастағы екі жас жігіт 1 237 түп есірткі сорасын өсірген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Оқиға орнында ірі есірткі алқабынан бөлек ыдыс-аяқтар, есірткі затын өсіруге және тұтынуға арналған құрал-саймандар: шланг, су айдауға арналған мотор, бензин, қапқа салынған тынайтқыш және патрондарымен 16 калибрлі қос ауызды тіркеуде жоқ аңшы мылтығы анықталды. Сонымен қатар 1237 түп сораның жалпы салмағы сараптама қорытындысына сәйкес 503 келі болып шықты», - деп хабарлады ПД.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілді. Қылмыстық іс сотта қаралып, айыпталушылар өзінің кінәсін мойындады. Олар кінәлі деп танылып, 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.