ЖШС рұқсатсыз мұнай және ілеспе газ өндірген
Маңғыстауда экологиялық рұқсатсыз мұнай және ілеспе газ өндірген компанияға айыппұл салынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жер қойнауын пайдаланушы «Жалғызтөбемұнай» ЖШС 2024 жылдың 1-11 қаңтар аралығында экологиялық рұқсатсыз мұнай және ілеспе газ өндіруді жүзеге асырған.
«Прокурорлық қадағалау актісімен аталған мекеме Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 328-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылды», - деп хабарлады Маңғыстау облысының прокуратурасы.
Айыппұл сомасы – 7,8 млн теңге.