Оның мөлшері бала санына қарай есептеледі
2024 жылдың басынан бастап көпбалалы отбасылар 274 млрд теңгеден астам сомаға жәрдемақы алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша, 583,4 мың отбасыға 274,8 млрд теңге мөлшерінде қаржы берілді. Оның ішінде шілде айында 577,1 мың отбасыға жалпы сомасы 38,6 млрд теңге жәрдемақы төленді.
Бұл мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент баласы бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады.
Төлем мөлшері бала санына қарай есептеледі:
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап балалы отбасыларға тағайындалатын мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 7%-ға артты. Биыл көпбалалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы төлеуге 474,8 млрд теңге қарастырылған.