Қуатты Ампил тайфуны Жапония жағалауына жақындап қалды

Автор: Молдатай Сымбат

404 мың адамға қауіп төніп тұр 

Фото: istockphoto.com

Қуатты Ампил тайфуны Жапония жағалауына жақындап қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

CNN мәліметтері бойынша, ел бойынша пойыз рейстері тоқтатылады. Күшті тайфун әсерінен қазірдің өзінде электр қуаты сөніп жатыр. Өкінішке қарай, болжам бойынша, тайфун алдағы сағаттарда тек күшейе түседі.

Қазір оның жылдамдығы, JMA мәліметтері бойынша, 60 м/с жеткен. 178 000-нан астам үйге, 404 000-ға жуық адамға қауіп төніп тұр.

Біріккен тайфун туралы ескерту орталығының (JTWC) мәліметтері бойынша, қуатты Ампил тайфуны бүгін кешке Токиоға жетуі мүмкін.