Павлодар облысында 200-ге жуық борышкер жасырынған

Автор: Молдатай Сымбат

Полиция оның 159-ын тауып, сот орындаушыларына тапсырды 

Фото: istockphoto.com

Жыл басынан бері Павлодар облысында полиция 200-ге жуық борышкерді іздестірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Барлығы 192 борышкердің 159-ын полиция қызметкерлері анықтап, сот шешімін одан әрі орындау үшін жеке сот орындаушыларына тапсырды.

Естеріңізге сала кетейік, үш айдан астам уақыт бойы балаларды немесе еңбекке жарамсыз ата-аналарды асырауға қаражат төлеу бойынша міндеттерді орындамағаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.