БҚО-ның 5 ауылы және Орал қаласындағы құрылыс жайы баяндалды
Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Батыс Қазақстан облысында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар үшін салынып жатқан үйлер құрылысының барысымен танысты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарлауынша, вице-премьер Қаратөбе ауданындағы Қоржын ауылына, Сырым ауданындағы Өлеңті мен Жымпиты ауылдарына, сондай-ақ Дерқұл, Зашаған ауылдарына және Орал қаласының Жұлдыз шағын ауданына барды.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиевтің айтуынша, үйлердің басым бөлігі 1 қыркүйекке дейін пайдалануға беріледі. Қанат Бозымбаев құрылыс қарқынын жеделдетуді тапсырды.
Сондай-ақ облыста 9 994 отбасы жалпы сомасы 3,7 млрд теңге болатын 100 АЕК көлемінде бірреттік төлем алған. Тағы 10 222 отбасына келген залал үшін 150 АЕК көлемінде өтемақы төленген. Өтемақылардың жалпы сомасы 3,68 млрд теңге құрады.