Атырау облысының 4 мың тұрғыны 19 млн теңгенің дәрісін алды

Автор: Молдатай Сымбат

Прокуратурамен азаматтардың конституциялық құқығы қорғалды

Фото: depositphotos.com

Жылыой ауданы прокуратурасы тиісті тегін медициналық көмек ала алмаған 4 054 тұрғынның құқығын қорғады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Аудандық аурухана есебінде тұрған тегін дәрі-дәрмек алатын азаматтардың саны негізсіз қысқартылған.

«Қадағалау актісі бойынша орталық ауруханада қант диабеті, артериалдық гипертензия диагноздармен есепте тұрған 4 054 азаматтарға 19 155 349 теңгеге 4 866 қаптама көлемінде дәрі-дәрмектер (Джардинс, Инвокана, Тражента, Форсига және т.б.) берілді. Тұрғындардың конституциялық құқықтары қалпына келтірілді», - деп хабарлады прокуратура.

Аудандық аурухананың жауапты лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.