Абай Бегейдің 16 жастағы қызын алып қашып кеткен: әкесі жағдайды құп көрді

Автор: Темірхан Айжан

Әнші қызын Ақтау қаласына шығарып салды 

Фото: @symbatabaikyzy

Қазақ эстрадасының белгілі әншісі Абай Бегейдің ортаншы қызы күйеуге шықты. Бұл туралы әншінің жұбайы Instagram парақшасында жазған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Ақтауға отбасымызбен демалып келеміз деп, ұшуға бір ақ күн қалғанда, «үйдің ортаншы қызы Сымбатты алып қашып кетті» деген хабар жетті… Бәріміз Алматыдамыз, Ақтаудан нағашы апаларын жіберіп, қызды бірден алып кеттік... Бұл жерде ешқандай менсінбеушілік немесе қарсылық танытқанымыз емес, әкесінің талабын орындау болды. Әкесі «Қандай ел екенін, ата-анасын, жігіттің өзін көрмей жатып, қызымды бермеймін» - деді. Сол күні бірден Ақтаудан Алматыға жігіттің ата-анасы, ауылының үлкендері келіп әкемнің алдынан өтіп, уәделерін беріп, рұқсатын сұрады... Әкем де өз ауылымыздың үлкендерімен, жан-жағымен ақылдаса келе, екі күн ойлана келе, «Келген ел - көргенді, жөні түзу, сөздері дұрыс адамдар екен. Қызымның таңдауын құрметтеймін! Алла маңдайына жазып тұрса, бағы болсын!» деп, ақ батасын берді», - деп жазды ол.

Айта кетсек, әншінің қызы биыл 16 жасқа толған.