Астана әкімшілігі оқуға түсе алмай қалған студенттерге 858 грант береді

Azattyq Rýhy

Астана әкімдігінің бұл конкурсына түпкір-түпкірден қатысуға  болады

Астана әкімшілігі оқуға түсе алмай қалған студенттерге 858 грант береді
Фото: istockphoto.com/pcess609

Астана әкімдігі оқу орындарына 858 білім грантын бөлді. Грант конкурсы бүкіл ел бойынша өтеді және жеңімпаздар оқуын аяқтаған соң Астана әкімдігі бағыт берген мекемелерде 3 жыл жұмыс істеуге міндетті болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әкімдік мына университеттерде білім алу үшін грант бөліп отыр: 

1) Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті;

2) Астана халықаралық университеті;

3) А.Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты;

4) Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясы;

5) Ә.Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті; 

6) А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай мемлекеттік университеті;

7) Ұлттық ғылыми онкологиялық орталығы;

8) Астана медицина университеті.

Астана әкімдігінің ақпаратына сүйенсек, әкімдік кадр тапшылығын жою үшін 2018 жылдан бері маман жетпейтін бағыттарға грант беріп келеді.

 

«2018 жылдан бастап Астана қаласының әкімдігі педагогикалық, медициналық мамандықтар бойынша, сондай-ақ гуманитарлық бағыт бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бөлу жобасын іске асыру. Бұл жоба кадр тапшылығы мәселесін шешуге бағытталған. 2024-2028 оқу жылдарына қала әкімдігі жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 858 білім беру грантын белгіледі», - деп хабарлайды Астана қаласының әкімдігі. 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.