Өңірлерде ұстаздардың тамыз конференциясы басталды

Автор: Молдатай Сымбат

Оған еліміздің 20 өңірінің педагогтері онлайн қатысып жатыр

Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Өңірлерде ұстаздардың тамыз конференциясы басталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оған еліміздің 20 өңірінің педагогтері онлайн қатысып жатыр. Ал негізгі республикалық іс-шара 21 тамызда өтеді.

Республикалық шара алғаш рет халықаралық қонақтардың қатысуымен өтеді. Биыл саммит «Digital Kazakhstan: жаңа замандағы білім беру» тақырыбында цифрландыруға және «Біртұтас тәрбие» бағдарламасына арналған.  

21 тамызда өтетін педагогтердің республикалық тамыз саммитінің пленарлық отырысына 500 мыңнан астам педагогтер қатысуға мүмкіндік алады.