Оларға қатысты сот үкімі шықты
Алматы қаласы Медеу ауданының соты қалалық емхананың бухгалтерлері К. Хангиреева мен А. Туғанбаеваға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Олар ауруханада іс жүзінде еңбек қызметін жүзеге асырмаған адамдарға жалақыны және басқа да төлемдерді заңсыз аударған. 341 млн теңгеден астам сомада бюджет қаражатын жымқырған.
Сот үкімімен бас бухгалтер Хангирееваға 7 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Оның қарамағындағы қызметкер Туғанбаева 7 жылға сотталды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.